"Балдәурен" жазғы сауықтыру алаңы » «N60 жалпы орта мектеп» КММ
Шымкент қаласы білім басқармасының
"№60 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7223) 45-51-07
Есепші бөлімі:
+7(7223) 45-51-07
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Балдәурен" жазғы сауықтыру алаңы
29
май
2025

"Балдәурен" жазғы сауықтыру алаңы

"Балдәурен" жазғы сауықтыру алаңының ашылуы
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №60 жалпы орта білім беретін мектебінің 2025 жылдың 26 мамыр күні мектепішілік  "Балдәурен" лагері өз жұмысын бастады.
Мақсаты: "Балдәурен" лагеріне келген әрбір оқушыны алдымен жақсылыққа, адамгершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелей отырып, оқушылардың жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалана білуге үйрету; Балалардың жаз мезгіліндегі демалысын, сауықтырылуы мен  тиімді әрі мағыналы өткізуге жағдайлар жасау, қауіпсіздік ережелерін үйрете отырып салауатты өмір салтын қалыптастыру, Отан сүйгіштік-патриоттық  сезімін арттыру мақсатында ұйымдастырылған  шарада директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары М.Сариева бүлдіршіндерді  құттықтап,  іс-шараларға  белсене қатысуларын, бос уақыттарын тиімді пайдалануға шақырды. Жазғы сауықтыру алаңына 1-4 сынып оқушылары тартылды. Ашылу барысында оқушылар  концерттік бағдарламаны тамашалады. Әрі қарай лагерь  тәрбиешілері   оқушыларды  топтарға бөліп, лагердің қауіпсіздік ережелерімен таныстырды. Жайдарлы  жаз мезгілінде балалардың бос уақытын тиімді әрі қызықты ұйымдастыруға мектеп ұжымы белсенді атсалысуда. "Балдәурен -2025" шаттыққа, жаңалыққа, достық пен қуанышқа толы жазғы демалыстың жарқын бастауы!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив