12
август
2024
"Балдәурен" жазғы сауықтыру

№60 жалпы орта білім беретін мектебінің жанынан ашылған "Балдәурен" жазғы сауықтыру алаңының тәрбиеленушілері "Алтын балалық шақ" онкүндігі аясында және лагерь жоспарына сай жұмыстар жалғасуда. Күн тәртібіне сәйкес таңертең балаларды қабылдап, таңғы жаттығу жасалды. Үйірме жетекшісі Ж.Орынбасарова өздері салған суреттерден және түрлі -түсті қағаздан "Таланттар шеруі" шебер қолдар көрмесін ұйымдастырды.
Кітапханашы Б.Бахтиярова "Кітап- біздің досымыз" тақырыбында мектеп кітапханасына саяхат жасады. Балалар оқыған ертегі, әңгіме кітаптарын ортаға салды.