
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №60 жалпы орта білім беретін мектебінде балалардың бос уақытын тиімді және қызықты өткізу мақсатында мектеп жанынан ашылған "Балдәурен” жазғы сауықтыру алаңының жұмыс жоспарына сәйкес 31.05.2024ж. күні алаң тәрбиеленушілері "Аватария" ойын-сауық алаңына барды. Ойын алаңынан оқушылардың эмоциялары ерекше болды, жас бүлдіршіндеріміз уақытты тиімді өткізді. Бүлдіршіндерімізге бейбіт өмір, сәбилерге бақытты балалық шақ, әрқашанда сыңғырлаған күлкі тілейміз.