08
октябрь
2024
ТАМЫЗ ПЕДКЕҢЕСІ

ТАМЫЗ ПЕДКЕҢЕСІ №1
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №60 жалпы орта білім беретін мектебінде 2024 жылдың 29 тамызы күні №1 педагогикалық кеңес болып өтті. Педкеңесте мектеп директоры С.Е.Акпанбетов күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырып, мектеп ұжымына биылғы 2024-2025 жаңа оқу жылымен құттықтап, педкеңесте мына мәселелер қаралып, бекітілді:
1. Мектептің 2023/2024 оқу жылындағы оқу-тәрбие жұмысын талдау және 2024/2025 оқу жылындағы мектептің даму перспективалары. ҚР «Білім туралы» Заң талаптарының орындалу ы
2.Педагогикалық кеңес құрамын қайта бекіту. Жаңа 2024-2025 оқу жылына арналған мектептің жылдық жоспарын бекіту, алда тұрған міндеттер («Сыбайлас жемқорлық туралы» заңы, сынып жетекші, кабинет меңгерушілері, МАД тобы, 1-9 сыныптар мен 10-11 бейіндік сыныптарды комплектілеу, оқу аптасы)
3. 2024/2025 оқу жылының басындағы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бұйрықтары мен әдістемелік нұсқау хатымен таныстыру. Үлгілік оқу жұмыс жоспарына сәйкес оқу жұмыс жоспарын таңдау. Оның ауыспалы компонентіндегі оқу сабақтарының бөлінуін талқылау, оқу жұмыс жоспарын бекіту.
4. Оқу-тәрбие процесінің кадрлық қамтамасыз етілуі, мұғалімдердің жүктемесі. 2024/2025 оқу жылының күнтізбелік-тақырыптық жоспар мазмұнының үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкестігі.
5. Мұғалімдерді аттестация ережесімен таныстыру, мектепішілік сараптау комиссиясын құру
6. Әдістемелік нұсқау хатпен таныстыру. "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы: жаңартылған мазмұны және пәнге енгізу алгоритмі;
7. Денсаулығына байланысты үйде оқытылатын оқушылармен жұмысты ұйымдастыру.
8. Мектеп құжаттарын жүргізуге қойылатын талаптардың орындалуы бойынша нұсқаулық
9. Мектепке жол» қайырымдылық республикалық акциясының өткізілу барысы, әлеуметтік қорғалмаған санаттағы отбасыларға материалдық және қаржылай көмек көрсету туралы.
Жаңа 2024-2025 оқу жылына қойылған мақсаттар мен міндеттемелері туралы түсіндірілді.