25
сентябрь
2023
ЖАЛПЫ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ
ЖАЛПЫ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №60 жоббм-де
8 қыркүйек күні, 2023-2024 оқу жылының басталуына орай мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді.












Мектеп директоры С.Е.Ақпанбетов ата-аналарды күн тәртібіндегі мәселелермен және 2023-2024 оқу жылының ерекшеліктерімен және мақсат міндеттерімен таныстырып өтті.
2022-2023 оқу жылындағы жеткен жетістіктермен биылғы оқу жылына арналған жоспарлармен таныстырды. Өскелең ұрпақты тәрбиелеуде ҮШТІК ОДАҚ болып ата-аналарды бірлесе жұмыс жасауға шақырды.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер қамтылып мектептің ішкі тәртіп ережесі, буллинг және кибербуллингті болдырмау және алдын алу, құқық бұзушылыққа жол бермеу, әлеуметтік желілердегі қауіпсіздік шаралары, жолда жүру ережелерін сақтау, сабақ уақытында ұялы телефондарды пайдаланбау, тәрбие мәселелеріне басты назар аудару, білім сапасы және т.б өзекті мәселелер талқыланды.
Сонымен қатар мектепте ақша жинаудың кез келген әрекетіне қатаң тыйым салынғанын ескертті. Ақша жинау немесе басқа заттар талап етілген жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1424 CALL орталығы жұмыс істейтіндігін, кез келген сұрақтарыңыз үшін мектептің байланыс телефондарына (45 51 07) сенім телефоны (27 44 53) хабарласуға болатындығын ескертті.

