Қамқоршылық кеңестің отырысы » «N60 жалпы орта мектеп» КММ
Шымкент қаласы білім басқармасының
"№60 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7223) 45-51-07
Есепші бөлімі:
+7(7223) 45-51-07
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қамқоршылық кеңестің отырысы
26
сентябрь
2023

Қамқоршылық кеңестің отырысы

18.09.2023 ж күні қамқоршылық кеңестің  отырысы  болып өтті. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектеп директоры С.Е.Ақпанбетов өткен  оқу  жылының атқарылған іс-шаралар мен жетістіктер жайында есеп беріп өтті. Мектеп ұжымы мен мектеп оқушыларының жоғары жетістігімен қатар мектептің жалпы тыныс тіршілігін , мектебіміздегі жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижелеріне кеңінен тоқтала кетті.  Оқу – тәрбие процесінің тиімді жүргізілуі мен мемлекеттен бөлінген қаражаттың өз дәрежесінде уақытылы және жүйелі игерілуіне  жұмыс жасай беретіндігін жеткізді. Сонымен қатар мектепте білім алушылар мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылған  жұмыстарды атап өтті. 
- 2020 жылы мектебіміз күзет агентігіне өткізілді. Биылғы оқу жылында "Іскер"  жауапкершілігі серіктестігі күзет агенттігімен келісім шарт түзілген.
- Турникет 2 
- Балалардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында мұғалімдерден құрылған ішкі және сыртқы кезекшілік құрылған.
- Бейнебақылау камерасы 10 ДВД–ға қосылған
«Мектепке жол» акциясы барысында демеушілер тарапынан көп балалы отбасынан шыққан балаларға "Міндетті білім қоры" есебінен  (41000т) 166 балаға,  демеушілер есебінен 14 балаға (230000т) қаржылай көмек берілді. 
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив