Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №60 ЖОББМ Қымбатты ата-аналар! Бүкіл әлемде болып жатқан ауыр кезеңді біздің елі » «N60 жалпы орта мектеп» КММ
Шымкент қаласы білім басқармасының
"№60 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7223) 45-51-07
Есепші бөлімі:
+7(7223) 45-51-07
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №60 ЖОББМ Қымбатты ата-аналар! Бүкіл әлемде болып жатқан ауыр кезеңді біздің елі
11
ноябрь
2020

Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №60 ЖОББМ Қымбатты ата-аналар! Бүкіл әлемде болып жатқан ауыр кезеңді біздің елі

Шымкент қалалық білім  басқармасына қарасты                    №60 ЖОББМ
   Қымбатты ата-аналар! 
Бүкіл  әлемде болып жатқан ауыр кезеңді  біздің  еліміз де бастан өткеріп отыр. Осыған орай жарияланған төтенше жағдай кезіндегі адамдардың бас амандығы мен денсаулығынан кейінгі маңызды мәселе  балаларымыздың  ағымдағы оқу жылын жүйелі білім алып,  нақты нәтижемен аяқтауы. Міне,  осы бағытта бүгіннен бастап  оқушыларымызды  қашықтықтан оқыту форматымен 4 -тоқсанды бастадық. Сіз бен біз  болып,  бірлесе ынтымақпен іске асырылатын жұмыс .Әуелі балаларға  ауыртпалыққа қарамай  лайықты білім алуға  жағдай жасауда мектеп пен ата-анаға теңдей міндет артып отыр. Сондықтан да әріптестеріме жемісті еңбек пен абырой тілеймін,  ал ата-аналарға  асқан сабырлы және жүйелі іс-әрекетті болуға шақырамын. 
  Сонымен  қатар біршама  мәселер назарларыңызда болса:
1. Табиғатында балаға білім беруде  ұстаздың еңбегі тынымсыз,  үздіксіз  болады десек,  қазіргі жағдайда ол үдеріс тоқтаған жоқ,  сондықтан балалардың  білім алуына байланысты  кез-келген,  өзіңізді толғандырар істі мұғалімдермен бөлісіп   отыру;
2. Сабақтың оқытылуы барысында техникалық ақауларға және басқа да тұрмыстық себептерге байланысты үлгермей жатсаңыз, саспаңыз. Мектеп базасында кез-келген тақырыпқа байланысты бүкіл материалдар болады,  тек қана мұғаліміне немесе сынып жетекшісіне хабарлассаңыз болғаны. 
3. Баланың сабағын өзі орындауына,  яғни  өздігінше атқаруына жағдай жасап,  дағды қалыптастырыңыз. 
4. Тағы бір маңызды мәселе-уақыт!
Ұстаздар,ата-аналар болып келісілген формат бойынша оқу материалдарын игеруде бір-біріміздің уақытымызды алмайық. Мейлінше уақыттың  белгіленген  мөлшерін пайдаланайық. 
   ҚҰРМЕТТІ  АТА-АНАЛАР,   рухы мықты,  жүрегі мейірбан жаны жайсаң халқымыз қандай кезеңде де ұрпақ қамын  бірінші орынға қойған. Өйткені,  ұрпақсыз адам-санасы жоқ  ағаштай.Балалардың ішкі әлемі ғажайып  дүниеге біліммен толығып,  тәрбиемен   тұтасса ,болашағымыздың жарқын болғандығының белгісі.Бүгінгідей күрделі кезеңде  бізбен  бірге тізе қосып еңбек етіп отырған сіздерге алғысым шексіз!                                     Біз бұл қиындықты да жеңеміз,  өйткені                                                  БІЗ БІРГЕМІЗ!!! 
  Құрметпен мектеп директоры                        Мөлдір    Бекбосынқызы
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив