Қашықтан оқу форматы: мұғалімнен-ізденіс, оқушыдан-байланыс » «N60 жалпы орта мектеп» КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(7223) 45-51-07
Есепші бөлімі:
+7(7223) 45-51-07
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қашықтан оқу форматы: мұғалімнен-ізденіс, оқушыдан-байланыс
11
ноябрь
2020

Қашықтан оқу форматы: мұғалімнен-ізденіс, оқушыдан-байланыс

№60 ЖОББМ 
Қашықтан оқу форматы: мұғалімнен-ізденіс, оқушыдан-байланыс
Әлемді жайлаған  Covid-19 пандемиясы өмірлік маңызы барлық саланың маңызды жоспарлары мен мақсаттарына  айтарлықтай  өзгерістер енгізді. Осыған байланысты еліміздегі білім беру саласы да өз жұмысында  көптеген  маңызды қадамдар жасап отыр. 2020-2021 оқу жылын елімізде сан мыңдаған оқушылар мен студенттер қашықтан оқу форматымен бастады. Қашықтан оқудың жұмыс құрылымын егжей-тегжейлі баяндап жату артық болар, біз тек қашықтан оқудың тиімді тұстарын әңгімелейік.
 Алдымен ұстаздар еңбегіне тоқталайық. Кез-келген кәсіпті игеруде маман үшін ең жоғарғы деңгейдегі бәсекеге қабілетті болу-үлкен жетістік. Ақпарат пен    коммуникацияның жедел дамыған тұсында аса білімді болып қана қоймай жаңа технологияларды игеріп, оны іс жүзінде пайдалана білу-заман талабы.Осы орайда қашықтан оқыту кезіндегі әрбір ұстаздың қол жеткізген үлкен бір белесі- ақпараттық-коммуникациялық жүйені пайдалануға еркін төселіп алды. Пандемия белең алғалы еліміздегі барлық қызмет көрсету салаларының жұмысы онлайн түрге ауысқандықтан, цифрландыру  бағдарламасы  өздігінен жүзеге асып жатқаны-ізгі іс-шара деп айта аламыз. Міне, осы атқарылып жатқан жұмыстар аясында ата-аналар мен оқушылар да АКТ игеруде біршама жетістіктерге жетіп жатыр.
 Оқушылардың қашықтан оқу форматы жөніндегі      ой-пікірлері мен көзқарастарына үңілсек, шындығында нәтиже жоқ емес. Істің тек қиын, жабырқатар тұстарына тұтылып қалмай, олардың артықшылықтарын да көре білген жөн. Мұндай оқыту жүйесінде оқушы ең әуелі өзін-өзі басқару мен жеке бастың жауапкершілігін қалыптастырады. Интернет жүйесінен бұрынғыдай тек ойындар мен пайдасы аз түрлі ақпараттарды тартып, пайдаланып қана қоймай, интернетте бірізді жұмыс жасауды жолға қоя бастайды. Екіншіден, түрлі ақпарат көздерін, интернет платформаларын, компьютердегі түрлі қызметтерді өздері үйреніп, жасай алуды іске асырып жатыр. Мұндай талпыныстардың болашақтағы үлкен жетістіктерге кепіл болатыны сөзсіз. Алғашқы уақыттардағы белгісіздік пен  түсінбеушіліктер көпшілік арасында біраз дағдарыс туғызды. Алайда қазіргі таңда бәрі де қалыпқа түсе бастады. Бұдан ары оқытудың мұндай түрінен жинақтаған тәжірибелер оқыту процесін түрлі үлгіде түрлендіріп отыруға мұғалімдерге көмегін тигізетіні анық. Ал ұстаздар қауымына өз пәні бойынша шәкіртке нақты білім ұсына алатын талантты репетиторлар  бола білу қажеттігі туындап отыр. Барша ұстаздар мен ата-аналар қауымына шығармашылық пен сабырлылық, икемділік қасиеттерін ұштай беруге тілектестік білдіре отырып, шәкірттерге жарқын болашақ иесі бола білуді нәсіп етсін дегім келеді. Ел басына түскен ауыртпашылықтарды бірге көтеріп, жұмылған жұдырықтай болайық!
#БІЗ БІРГЕМІЗ!!!
Музыка пәнінің мұғалімі                Алибаева Ұлжалғас     Советбекқызы
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив