Еліміздегі күрделі кезең ешкімге оңайға түспей отыр. » «N60 жалпы орта мектеп» КММ
Қабылдау бөлімі :
+7(7223) 45-51-07
Есепші бөлімі:
+7(7223) 45-51-07
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Еліміздегі күрделі кезең ешкімге оңайға түспей отыр.
11
ноябрь
2020

Еліміздегі күрделі кезең ешкімге оңайға түспей отыр.

Еліміздегі күрделі кезең ешкімге оңайға түспей отыр. 
Әлемнің 167 еліндегі миллардтан астам бала қашықтықтан оқытуға көшті.
Дүниедегі мамандық атаулының төресі - ұстаздық. Мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін мейірімді абзал жандар. 
Ұлағатты ұстаздарымыз бүгінгі таңда тағы да сыннан өтуде. Алайда, қаншалықты күрделі жағдайға дайын болмаса да, аз уақытта қашықтықтан оқытудың барлық қыр-сырын меңгеруде.
Шымкент қаласы №60  жалпы орта білім беретін мектебінің жаратылыстану пəндер бірлестігінің мұғалімдері де осы салаға қатысты барлық платформаларды пайдалана отырып, шәкірттермен жұмыстарын жалғастыруда. 
Оқушыларға түсіндіре отырып, арнайы мамандандырылған интернет-платформалары арқылы кері байланыста жұмыс жасауда. 
Бұл цифрлық жүйелер сабақты, тақырыпты қайта қарауға зор мүмкіндік береді.
Осындай жағдайда балаларға білім беріп отырған ұстаздардың еңбегі бағаланып, ата-аналар алғысын жаудыруда.
Десек те, "жұмыла көтерген жүк жеңіл" демекші, біздер балаға үйретуден ешқашан жалықпаймыз.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив