12
август
2024
"БАЛДӘУРЕН" ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ АЛАҢЫ





Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №60 жалпы орта білім беретін мектебінде балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагері 29.05.2024ж. күнгі жоспар бойынша жұмыстарын жалғастыруда. Мектеп мейірбикесі Ж.Махан таңертең жұмысын жазғы сауықтыру алаңына келген тәрбиеленушілердің жағдайларын тексеруден бастайды.
Педагог-психолог маманы Э.Мыңбатырова логикалық сұрақтар қойып, ойын түрінде демалушылармен сабақтар өтіп, "Бояулар құпиясы" тақырыбында суреттер салғызды. Сонымен қатар гимнастикалық жаттығулар, «Шеңбер айналдыру түрлері» тақырыбында денешынықтыру пәні мұғалімдері спорттық жарыс түрлерін ұйымдастырды.
Мақсаты: Балалардың жаз мезгіліндегі демалысын қызықты тиімді өткізу. Салауатты өмір салтын қалыптастыруға дағдыландыру.