08
август
2024
"ҚОШ КЕЛДІҢ, КӨҢІЛДІ ЖАЗ!"

"ҚОШ КЕЛДІҢ, КӨҢІЛДІ ЖАЗ!"
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №60 жалпы орта білім беретін мектебінде 2023-2024 оқу жылы күндізгі мектеп жанындағы «Балдәурен» жазғы сауықтыру алаңының ашылуына орай салтанатты жиын өткізілді.
Жазғы сауықтыру алаңының мақсаты: балалардың денсаулығын жақсартуға, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу. Түрлі ойындар мен жаттығулар арқылы оқушылардың көңіл-күйін көтеріп, олардың бойындағы адамгершілік және мәдени құндылықтарды бекіту, мектеп пен отбасы арасындағы байланысты нығайту. Іс-шара барысында ұйымдастырушылар балалармен «Қош келдің жаз!», "Келіңдер танысайық" атты шаттық шеңберін құрып, танысу сәтін өткізді. Сондай-ақ, оқушылар өзара топқа бөлініп, салауатты өмір салты дағдыларын ұстанып, денсаулығын нығайту мақсатында тәлімгерлермен таңғы жаттығу жасап, спорттық ойындар ойнады. Балаларды сергітіп көңіл күйін көтеру үшін көңілді би биленіп,әсем әуендер шырқалды.