02
февраль
2022
"Сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы" атты дәстүрлі онкүндігі


"Сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы" атты дәстүрлі онкүндігі шаттық шеңберімен ашылды. Шарамыздың мақсаты - оқушылардың рухани - адамгершілік қасиеттерін дамыту арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. Сүйіспеншілік пен шығармашылық аясында оқушыларға жалпыадамзаттық құндылықтарды бойына сіңіру. Онкүндіктің ашылу барысына мектеп психологтары ат салысып, оқушыларға жақсы көңіл- күй сыйлау мақсатында "Тілек ағашы" тренингі өткізілді.Оқушылар мен мұғалімдер қол ұстасып, бір-біріне жарқын көңіл-күй сыйлай отырып, шын жүректен жылы лебіздерін білдірді. Тренинг барысында мамандар мен оқушылардың алақан жылуы мен жүрекжарды тілектері толған керемет ағаш пайда болып, қатысушыларға жағымды көңіл-күй сыйлады.
Алдағы онкүндікте жүргізілетін іс-шара жоспары таныстырылып, оқушыларды іс-шараларға белсене қатысуға шақырды.
Іс-шараның соңы "Мереке" әнімен көңілді аяқталды.