29
январь
2020
"Цифрлық Қазақстан.ІТ технология" атты көңілді кеш
№60 жалпы орта білім беретін мектебінде 12.11.2019ж. күні "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында информатика пәнінің мұғалімі Б.Дыйханбаев және "Өзін-өзі басқару" ұйымының жетекшісі М.Аманжолов "Цифрлық Қазақстан.ІТ технология" атты көңілді кеш өткізді. Кешке "Адал ұрпақ", "Жасөспірім және заң" үйірме мүшелері, "Өзін-өзі басқару" ұйымы мүшелері қатысты.
Мақсаты: "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында халыққа қызмет көрсетуге және қажетті ақпараттарды дамытуға қарасты іс-шараларына қолдау көрсету, цифрлық технологияны қолдану бойынша мұғалімдер мен оқушылардың сауаттылығын арттыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары қамтылды.












