«Мектебім - мейірім мекені» атты салтанатты жиын » «N60 жалпы орта мектеп» КММ
Шымкент қаласы білім басқармасының
"№60 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7223) 45-51-07
Есепші бөлімі:
+7(7223) 45-51-07
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мектебім - мейірім мекені» атты салтанатты жиын
25
сентябрь
2023

«Мектебім - мейірім мекені» атты салтанатты жиын

1- қыркүйек Білім күні мерекесіне орай, мектебімізде жаңа 2023 - 2024 оқу жылына арналған «Мектебім - мейірім мекені» атты салтанатты жиыны болып өтті.
        Салтанатты шараға ата-аналар мен адагер ұстаздар және қамқоршылық кеңесі мүшелері  Ж.Сапарбаев, О.Таджибаева  қатысты. 
      Салтанатты жиынды мектеп директоры Сералы Есенбекұлы Ақпанбетов ашып, іс - шара мазмұнының маңыздылығына тоқталып, қатысушыларды мерекелерімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Сонымен қатар салтанатты жиынға қатысқан қонақтарымызда ұстаздар мен ата - аналарды, оқушыларды мерекелерімен арнайы құттықтап, жаңа оқу жылы берекелі, табысты, нәтижелі жыл болып, толағай табыстар мен үлкен жетістіктерге жете берулеріне тілектестігін білдірді. Әрі қарай іс - шарада мектеп оқушылары өздерінің дайындаған  өнерлерін көрсетсе, мектеп  табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіндер ән айтып, өлең шумақтарын тарту етті.        
       Жиынның соңы бірыңғай  «Мектебім — мейірімділік мекені» тақырыбында республикалық сынып сағаттарына ұласты.
    Білім күні құтты болсын! Шәкірттеріміздің болашақтары жарқын болып, әрдайым жеңіс биігінен көрініп, өсіп - өркендей берсін!


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив