25
январь
2023
Қамқоршылық кеңес отырысы

№60 жалпы орта білім беретін мектебінде Қалалық білім басқармасының ұсынылған алгоритміне сәйкес ҚРБжҒМ 2017 ж 27 шілдедегі №135 бұйрығы «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаттары» негізінде қамқоршылық кеңестің кезектен тыс жиыны болып өтті. Қамқоршылық кеңестің төрағасы Сапарбаев Жанәділ Ережепбайұлы қамқоршылық кеңес мүшелері мен жиынға қатысушыларға Шымкент қалалық білім басқармасының 13.01.2023 жылғы №10-07-07/151 хаты негізінде мектебімізде жұмыс атқарып отырған «Қамқоршылық» кеңесінің жұмысы 2023 жылдың 25 қаңтар күнімен тоқтатылып, таратылатындығын және жаңа құрам сайланып, өтініштер жинақталатынын айтты. Жаңа құрам жұмысына сәттілік тіледі.









