Материалы за Ноябрь 2022 года » Страница 2 » «N60 жалпы орта мектеп» КММ
Коммунальное государственное учреждение
"№60 жалпы орта білім беретін мектебі"
Управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7223) 45-51-07
Бухгалтерия
+7(7223) 45-51-07
Версия для
слабовидящих
» Материалы за Ноябрь 2022 года » Страница 2
"Керқұла атты Кендебай" ертегісі
17
ноябрь
2022
"Керқұла атты Кендебай" ертегісі
"Оқуға құштар мектеп", "Балалар және театр" жобалары аясында  жаңа келген кітаптарды, ертегілерді, талдау, эстетикалық  сезімдерін ояту оны жүзеге асыру  мақсатында бастауыш сынып мұғалімі Алтынбекова Рабиға Бекмурзақызы  "Керқұла атты Кендебай" ертегісінін мазмұнын 3"А" сынып білім алушыларына  айтып, ертегінің  көркем де жеңіл тілі баланың қиялына қанат бітіріп, арманын асқақтатып, еңбексүйгіштікке, адалдыққа, батылдыққа тәрбиелейтінін түсіндіре білді.
"Арайлы алтын күз!" күзгі  бал байқауы
11
ноябрь
2022
"Арайлы алтын күз!" күзгі бал байқауы
  №60 жалпы орта білім беретін мектебінде "Арайлы алтын күз!" күзгі  бал байқауы  өтті. 8-11 сынып білім алушылары арасында өткен байқауына ханзада мен ханшайымдар өте керемет дайындықпен келіп өз өнерлерін көрсетті.  Қолөнер шеберлері шығармашылық қабілеттерін  байқатты.  Мектептің "Күз ханзадасы"  9 "А" сынып оқушысы Амангелді  Айбек "Күз ханшайымы" 11 "А" сынып оқушысы Ерсаин Аружан атанды.  Барлық қатысушылар мектеп директорының мақтау қағазымен  марапатталды.
"Ерлік сабақ" өтілді.
07
ноябрь
2022
"Ерлік сабақ" өтілді.
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №60 жалпы орта білім беретін мектебінің алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушысы М. Байбосынның ұйымдастыруымен №55652 әскери бөлімінің мамандары  сержант Есіркеп Қуаныш Тәжібекұлы және  кіші сержант Сарғалдақов Ерден  Аралбайұлының қатысуымен "Ерлік сабақ" өтілді.  Мақсаты: жасөспірімдерді әскери-патриоттық бағытта тәрбиелеу 
" Жаңа кітаптар -  оқырман игілігіне"  атты көрме
07
ноябрь
2022
" Жаңа кітаптар - оқырман игілігіне" атты көрме
N60 жалпы орта білім беретін мектебі " Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында мектеп кітапханасында "Менің Отаным Қазақстан" тақырыбында  " Жаңа кітаптар -  оқырман игілігіне"  атты жаңа келген көркем әдебиеттерге көрме ұйымдастырылды.  
Республика күні құтты болсын!
07
ноябрь
2022
Республика күні құтты болсын!
 Бүгін  мектебімізде Республика күніне арналған "Қазақстан — туған жерім,  туған елім!"  тақырыбында салтанатты жиын өтті. Жиында  Қазақстан  Республикасының Гимні орындалды. Директордың у.м.а Қ. Бейсенов  ұстаздарды,  білім алушыларды мерекемен құттықтады.        Республикамыздың  әр азаматы үшін айтулы мереке - Республика күні құтты болсын!!
"Менің Отаным - Қазақстан" тақырыбында ашық тәрбие сағаты
07
ноябрь
2022
"Менің Отаным - Қазақстан" тақырыбында ашық тәрбие сағаты
 №60 жалпы орта білім беретін мектебінің 1"Б" сыныбы Ж. Бурханованың, 2"Б" сыныбы Ж.Омарованың, 4"б" сыныбы А.Арипбаеваның, 5"Ә" сыныбы Г.Әшірбаеваның  жетекшілігімен Республика күніне орай   "Менің Отаным - Қазақстан" тақырыбында ашық тәрбие сағаттарын өткізді. Мақсаты: Білім алушыларды елін сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай-қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.
"Ғасырда бір туылар ғажайыбым" атты буктрейлер сайысы
07
ноябрь
2022
"Ғасырда бір туылар ғажайыбым" атты буктрейлер сайысы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндер бірлестігінің апталығы барысында  Ғабит Мүсіреповтің туғанына 120 жыл толуына орай" қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің  мұғалімі  М.Каримова "Ғасырда бір туылар ғажайыбым" атты буктрейлер сайысын ұйымдастырды.      6-8 сынып білім алушылары арасында  өткен сайыста 8"А" сынып  оқушысы Алимова Жансая мен 7"Б" сынып  оқушысы Шарахмет Жансая жеңімпаз  атанып мадақтамамен марапатталды. 
Мектеп асханасы
07
ноябрь
2022
Мектеп асханасы
№60 жалпы орта білім беретін мектебінің мейірбикесі  Ж.Махан күнделікті таңертең мектеп асханасын тексеріп, асханаға жеткізілетін тамақ өнімдерінің сапасын, тағамдарды дайындау технологиясына, өнімдердің және дайын тағамдардың сақтау мерзімдері мен жағдайларын үнемі  қадағалауда. 
"Мәңгілік махаббат жыршысының ғасырлық тойы" дөңгелек үстел
07
ноябрь
2022
"Мәңгілік махаббат жыршысының ғасырлық тойы" дөңгелек үстел
Бүгін мектебімізде Ә.Нұршайықовтың туғанына 100 жылдық мерейтойына арналған "Махаббат, қызық, мол жылдар" романы бойынша  қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Г.Оралбекова 10-сынып білім алушыларымен "Мәңгілік махаббат жыршысының ғасырлық тойы" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шара барысында оқушылар өз ойларымен бөлісіп, шығарманы жан-жақты көзқараспен талқылап, өз мәресіне жеткізді. Аталған іс-шараға музыка пәнінің мұғалімі М.Қалқазатқызы,  педагог-психолог М.Досымбетова және бірлестік
"Өз білгеніңмен бөліс"  айдары
07
ноябрь
2022
"Өз білгеніңмен бөліс" айдары
 №60 жалпы орта білім беретін  мектебінде 16-21 қазан аралығындағы "Әдебиет — ұлттың жаны" тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті  әдістемелік пәндер  бірлестігінің апталығы "Өз білгеніңмен бөліс"  айдарымен" ашылды.    Апталыққа арналған жоспар бекітіліп, қазақ тілі мен әдебиеті  пәндер бірлестігінің жетекшісі  А. Омарова апталықтың ашылуымен құттықтап, жоспарланған барлық іс-шараларға белсене қатысуға шақырады.