Материалы за Ноябрь 2022 года » Страница 3 » «N60 жалпы орта мектеп» КММ
Коммунальное государственное учреждение
"№60 жалпы орта білім беретін мектебі"
Управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7223) 45-51-07
Бухгалтерия
+7(7223) 45-51-07
Версия для
слабовидящих
» Материалы за Ноябрь 2022 года » Страница 3
«Әуезов әлемі» атты челленджі
07
ноябрь
2022
«Әуезов әлемі» атты челленджі
№60  жалпы  орта білім  беретін  мектебінің өзін-өзі басқару ұйымы мүшелері Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына арналған   «Әуезов әлемі» атты челленджін жолдайды. 
«Мұхтар Әуезов — қазақ әдебиетінің тарланы»
07
ноябрь
2022
«Мұхтар Әуезов — қазақ әдебиетінің тарланы»
 Жазушы, драматург, әдебиетші-ғалым, абайтанушы М.Әуезовтың туылғанына 125 жыл толуына орай  мектеп кітапханашысы Б.Бақтиярова, 8"ә" сынып жетекшісі Ә.Сәулебекова "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында «Мұхтар Әуезов — қазақ әдебиетінің тарланы» атты танымдық кеш өтті. 
Шым-қала тарихи-мәдени кешеніне саяхат
07
ноябрь
2022
Шым-қала тарихи-мәдени кешеніне саяхат
 5"А" сыныбының жетекшісі Г.Турысбекованың  жетекшілігімен  Шымкент қаласының 2200 жылдық тарихы сақталған, ТМД елдерінің мәдени астанасы атанған  қаламыздың өткені мен бүгінін тану және келешек ұрпаққа тарихын насихаттау мақсатында  Шым-қала тарихи-мәдени кешеніне экскурсия ұйымдастырылды.
"ҰСТАЗЫМ, ҰЛАҒАТЫМ ҮЛГІ-ӨНЕГЕМ"
07
ноябрь
2022
"ҰСТАЗЫМ, ҰЛАҒАТЫМ ҮЛГІ-ӨНЕГЕМ"
Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар! Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар. Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,  Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.    Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №60 жалпы орта білім беретін мектебінде 2022 жылдың 4 қазан күні  ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ арналған мерекелік іс-шара өтті.  Іс-шара соңында мектеп директоры Ақпанбетов Сералы Есенбекұлы мерекелік кешті  қорытындылап, барша ұстаздар қауымын кәсіби төл мерекелерімен құттықтап, ыстық лебізін білдірді.
ҚАРТТАРЫМ - АСЫЛ ҚАЗЫНАМ!
07
ноябрь
2022
ҚАРТТАРЫМ - АСЫЛ ҚАЗЫНАМ!
1 қазан - Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай, "Өзін-өзі" басқару ұйымы мүшелері  айтулы мерекемен ардагер ұстаздардың  үйлеріне қонақ боп құттықтап, мықты денсаулық, отбасына береке-бірлік, таусылмас күш-қуат тілеп сый-сияпат жасады. Игі іске қарт кісілер ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді
Діни экстремизмнің алдын алу
07
ноябрь
2022
Діни экстремизмнің алдын алу
Дін істері басқармасының  теолог маманы Ұлықбек Алиакбарұлы 8-11 сынып оқушыларына Діни экстремизмнің алдын алу мақсатында, ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 
«ДУБЛЕР КҮНІ»
07
ноябрь
2022
«ДУБЛЕР КҮНІ»
 «Балалар жылы» аясында ұстаздар мерекесіне орай 30 қыркүйек күні мектебіміздің  "Өзін-өзі басқару" ұйымы мүшелері, мектеп парламенті арнайы "Дублер күнін" ұйымдастырды. Дублер күнінің мақсаты:  мектептегі өзін-өзі басқару жұмысын жандандыру,  тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру,  білім алушылардың көпшілік алдында сөйлеу тәжірибесін дамыту;
Назад 1 2 3 Вперед