Материалы за 07.11.2022 » «N60 жалпы орта мектеп» КММ
Коммунальное государственное учреждение
"№60 жалпы орта білім беретін мектебі"
Управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7223) 45-51-07
Бухгалтерия
+7(7223) 45-51-07
Версия для
слабовидящих
» Материалы за 07.11.2022
"Ерлік сабақ" өтілді.
07
ноябрь
2022
"Ерлік сабақ" өтілді.
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №60 жалпы орта білім беретін мектебінің алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушысы М. Байбосынның ұйымдастыруымен №55652 әскери бөлімінің мамандары  сержант Есіркеп Қуаныш Тәжібекұлы және  кіші сержант Сарғалдақов Ерден  Аралбайұлының қатысуымен "Ерлік сабақ" өтілді.  Мақсаты: жасөспірімдерді әскери-патриоттық бағытта тәрбиелеу 
" Жаңа кітаптар -  оқырман игілігіне"  атты көрме
07
ноябрь
2022
" Жаңа кітаптар - оқырман игілігіне" атты көрме
N60 жалпы орта білім беретін мектебі " Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында мектеп кітапханасында "Менің Отаным Қазақстан" тақырыбында  " Жаңа кітаптар -  оқырман игілігіне"  атты жаңа келген көркем әдебиеттерге көрме ұйымдастырылды.  
Республика күні құтты болсын!
07
ноябрь
2022
Республика күні құтты болсын!
 Бүгін  мектебімізде Республика күніне арналған "Қазақстан — туған жерім,  туған елім!"  тақырыбында салтанатты жиын өтті. Жиында  Қазақстан  Республикасының Гимні орындалды. Директордың у.м.а Қ. Бейсенов  ұстаздарды,  білім алушыларды мерекемен құттықтады.        Республикамыздың  әр азаматы үшін айтулы мереке - Республика күні құтты болсын!!
"Менің Отаным - Қазақстан" тақырыбында ашық тәрбие сағаты
07
ноябрь
2022
"Менің Отаным - Қазақстан" тақырыбында ашық тәрбие сағаты
 №60 жалпы орта білім беретін мектебінің 1"Б" сыныбы Ж. Бурханованың, 2"Б" сыныбы Ж.Омарованың, 4"б" сыныбы А.Арипбаеваның, 5"Ә" сыныбы Г.Әшірбаеваның  жетекшілігімен Республика күніне орай   "Менің Отаным - Қазақстан" тақырыбында ашық тәрбие сағаттарын өткізді. Мақсаты: Білім алушыларды елін сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай-қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.
"Ғасырда бір туылар ғажайыбым" атты буктрейлер сайысы
07
ноябрь
2022
"Ғасырда бір туылар ғажайыбым" атты буктрейлер сайысы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндер бірлестігінің апталығы барысында  Ғабит Мүсіреповтің туғанына 120 жыл толуына орай" қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің  мұғалімі  М.Каримова "Ғасырда бір туылар ғажайыбым" атты буктрейлер сайысын ұйымдастырды.      6-8 сынып білім алушылары арасында  өткен сайыста 8"А" сынып  оқушысы Алимова Жансая мен 7"Б" сынып  оқушысы Шарахмет Жансая жеңімпаз  атанып мадақтамамен марапатталды. 
Мектеп асханасы
07
ноябрь
2022
Мектеп асханасы
№60 жалпы орта білім беретін мектебінің мейірбикесі  Ж.Махан күнделікті таңертең мектеп асханасын тексеріп, асханаға жеткізілетін тамақ өнімдерінің сапасын, тағамдарды дайындау технологиясына, өнімдердің және дайын тағамдардың сақтау мерзімдері мен жағдайларын үнемі  қадағалауда. 
"Мәңгілік махаббат жыршысының ғасырлық тойы" дөңгелек үстел
07
ноябрь
2022
"Мәңгілік махаббат жыршысының ғасырлық тойы" дөңгелек үстел
Бүгін мектебімізде Ә.Нұршайықовтың туғанына 100 жылдық мерейтойына арналған "Махаббат, қызық, мол жылдар" романы бойынша  қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Г.Оралбекова 10-сынып білім алушыларымен "Мәңгілік махаббат жыршысының ғасырлық тойы" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шара барысында оқушылар өз ойларымен бөлісіп, шығарманы жан-жақты көзқараспен талқылап, өз мәресіне жеткізді. Аталған іс-шараға музыка пәнінің мұғалімі М.Қалқазатқызы,  педагог-психолог М.Досымбетова және бірлестік
"Өз білгеніңмен бөліс"  айдары
07
ноябрь
2022
"Өз білгеніңмен бөліс" айдары
 №60 жалпы орта білім беретін  мектебінде 16-21 қазан аралығындағы "Әдебиет — ұлттың жаны" тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті  әдістемелік пәндер  бірлестігінің апталығы "Өз білгеніңмен бөліс"  айдарымен" ашылды.    Апталыққа арналған жоспар бекітіліп, қазақ тілі мен әдебиеті  пәндер бірлестігінің жетекшісі  А. Омарова апталықтың ашылуымен құттықтап, жоспарланған барлық іс-шараларға белсене қатысуға шақырады.  
«Әуезов әлемі» атты челленджі
07
ноябрь
2022
«Әуезов әлемі» атты челленджі
№60  жалпы  орта білім  беретін  мектебінің өзін-өзі басқару ұйымы мүшелері Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына арналған   «Әуезов әлемі» атты челленджін жолдайды. 
«Мұхтар Әуезов — қазақ әдебиетінің тарланы»
07
ноябрь
2022
«Мұхтар Әуезов — қазақ әдебиетінің тарланы»
 Жазушы, драматург, әдебиетші-ғалым, абайтанушы М.Әуезовтың туылғанына 125 жыл толуына орай  мектеп кітапханашысы Б.Бақтиярова, 8"ә" сынып жетекшісі Ә.Сәулебекова "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында «Мұхтар Әуезов — қазақ әдебиетінің тарланы» атты танымдық кеш өтті.