07
ноябрь
2022
"Мәңгілік махаббат жыршысының ғасырлық тойы" дөңгелек үстел

Бүгін мектебімізде Ә.Нұршайықовтың туғанына 100 жылдық мерейтойына арналған "Махаббат, қызық, мол жылдар" романы бойынша қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Г.Оралбекова 10-сынып білім алушыларымен "Мәңгілік махаббат жыршысының ғасырлық тойы" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шара барысында оқушылар өз ойларымен бөлісіп, шығарманы жан-жақты көзқараспен талқылап, өз мәресіне жеткізді. Аталған іс-шараға музыка пәнінің мұғалімі М.Қалқазатқызы, педагог-психолог М.Досымбетова және бірлестік мұғалімдері атсалысты