12
август
2024
МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ АТТЕСТАТ АЛДЫ

МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ АТТЕСТАТ АЛДЫ
Бүгін мектеп түлектері үшін тарихи күн. Бүгін мектебімізде аттестат тапсыру рәсімі өткізілді.
№60 жалпы білім беретін мектепті биылғы 2023-2024 оқу жылында 28 оқушы бітірсе, 1 оқушы Нұрмахан Айсана Әділбекқызы алтын белгі иегері атанды.
Он бір жыл бойы білім нәрімен сусындап, білім ордасын тәмамдаған тағы бір жас толқын үлкен өмірге қанат қақты. Мектеп директоры Акпанбетов Сералы Есенбекұлы түлектерді құттықтап, жаңа өмірлеріне сәттілік тіледі. Салтанатты жиында түлектер мен ата-аналар білім мен ақыл-кеңесін аямаған ардақты ұстаздарға жылы лебізін жеткізді.