20
март
2023
«Қамқоршылық кеңес» төрағасын сайлау

2023 жылдың 22 ақпан күні Қамқоршылық кеңесінің отырысы болды. Қамқоршылық кеңес отырысында мектеп директоры С.Е.Ақпанбетов күн тәртібімен таныстырып, жаңа құрам ішінен төраға сайлау туралы айтты. Сонымен қатар «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 44-бабы 9-тармағына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігінің 2017 жылғы шілдедегі №355 бұйрығымен таныстырды. Кеңес мүшелері талқылай келе бірауыздан «Қамқоршылық кеңес» төрағасы етіп Сапарбаев Жансүйер Ережепбайұлы сайланды.