МЕКТЕП ФОРМАСЫ » «N60 жалпы орта мектеп» КММ
Шымкент қаласы білім басқармасының
"№60 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7223) 45-51-07
Есепші бөлімі:
+7(7223) 45-51-07
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
март
2023

МЕКТЕП ФОРМАСЫ


Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты  №60 жалпы орта білім беретін мектебінде "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 14-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің "Орта білім беру ұйымдарында міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы"  2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығына сәйкес, 2022 жылы 28 тамыз күні №128 мектепішілік бұйрығы шығарылды. Бұйрық негізінде мектеп формасына қойылатын талаптар сақталуы тиіс. Мектеп формасының 
түсі классикалық стильде, бірыңғай түс гаммасында жасалады, үшеуден асырмай түстерді араластыруға рұқсат етіледі. Мектеп формасының түсі қалыпты және ашық емес түстерден таңдалады. Мектеп формасы күнделікті, мерекелік және спорттық болып бөлінеді.
 ҰЛДАРДЫҢ мектеп формасы: пиджак, жилет, ақ жейде және шалбар, мерекелік жейде,  күнделікті жейде, (қысқы мезгілде: трикотаж жилет пен водолазка). Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады. ҚЫЗДАРДЫҢ мектеп формасы: пиджак, жилет, юбка, ақ түсті блузка және шалбар, классикалық жейде, (қысқы уақытта: трикотаж жилет пен сарафан және водолазка). Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.  Ұлдар мен қыздарға арналған спорттық форма спорттық костюмнен (спорттық шалбар, куртка, футболка) және спорттық аяқ киімнен (красовка, кеды) тұрады.  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 4 сәуірдегі №248 бұйрықпен бекітілген орта білім беретін ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарда, яғни13-тармағында "Мектеп  формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім  элементтерін қосуға болмайды". Оқушылардың мектепке діни тұрғыдағы заттар мен бұйымдарды (крест, тісі, айшық,  діни әдебиеттер, аудио және бейне таспалар т.б.) әкелуіне және киімдерді (бас киім, хиджаб, орамал, кимешек, некап, паранжа, ряса, митра, ермолка т.б) киюіне, пайдалануына, басқа адамдарға, соның ішінде тәрбие алушыларға насихаттауына жол берілмесін деп көрсетілген.  Мектеп формасына қойылатын талаптар бойынша жарақаттайтын фурнитурасы бар киім мен аксессуарлар киюге тыйым салынады.


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив