12
февраль
2025
АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ


АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ
№60 жалпы орта білім беретін мектебінің 8-11 сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен “Бала тәрбиесі—басты құндылық” тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді.
Күн тәртібінде:
1. Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі. Б.Адилбаева
2. Отбасылық құндылықтарды сақтау.
Г.Бектаева
3. Ата-аналар мен мектеп арасындағы байланысты нығайту. А.Скакова
4. Жасөспірімдерге жасалатын қылмыстың , құқықбұзушылықтың, алдын алу жұмыстарының жүргізілуі . М.Сариева
Жиналыс барысында ата-аналарға отбасылық құндылықтар, ата -ана мен бала арасындағы түсініспеушіліктің , буллинг және кибербуллинг, лудомания, нашақорлық, құқықбұзушылық және вейп сияқты зиянды әрекеттердің алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Ата-аналар өз пікірлері мен ұсыныстарын айтып, белсенділік танытты.
Құрметті ата-аналар ! Ұл- қыздарымыздың саналы тәрбие мен сапалы білім алуына күш салайық. Балаға жауапкершілікпен қарап, бала тәрбиелеуде бірлесе, ынтымақтаса жұмыс жасайық!!!