"ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП" АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ » «N60 жалпы орта мектеп» КММ
Шымкент қаласы білім басқармасының
"№60 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7223) 45-51-07
Есепші бөлімі:
+7(7223) 45-51-07
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП" АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ
12
февраль
2025

"ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП" АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ

"ЗАҢ ЖӘНЕ  ТӘРТІП"  АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ 
   №60 жалпы орта  білім  беретін  мектебінің  5-7 сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен  "Заң және тәртіп"  тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. 
Мақсаты:
Ата-аналарды балаларды құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеудің маңыздылығымен таныстыру және заңға бағынудың бала тәрбиесіндегі рөлі жайында пікір алмасу, отбасылық құндылықтарды сақтау, ата-ана мен бала арасындағы түсініспеушіліктердің алдын алу, бала тәрбиесіндегі отбасының рөлі, жасөспірімдердің арасында қылмыстың алдын алу мақсатында түрлі тақырыптарды, қозғау, талқылау.
Бүгінгі  жиналыс жоспары әдеттегіден өзгеше ұйымдастырылды. Ата-аналар кірген бойда жағымды көңіл-күймен орналасып, белсенділік танытуға ықылыс білдірген болатын.
Жиналыстың мақсаты мен маңызын түсіндіре отырып, «Біртұтас тәрбие»                 жобасының құндылықтарына тоқталып, «Заң мен тәртіп» айына қатысты мақал-мәтелдермен ұштастыра түсіндіріп кеткен С.Абдыханова сөз соңында «Атасынан ақыл алса, тентек ұл да жөнделер» деп М.Қашқаридың даналығымен жиналыстың келесі кезеңіне жөн сілтеді.
Г.Оралбекова қазіргі қоғамдағы отбасылық құндылықтар жайында қысқа бейнежазбаны көрсете келе, отбасындағы ситуациялық сұрақтармен ұштастыра отырып, ата-аналардың пікірлерімен әрі қарай әртүрлі платформаларға назар аудартып, отбасылық құндылықтардың түрлері мен оларды нығайтудың жолдарына қатысты тапсырмалар орындатып, жалғастырды. Жиналыстың бел ортасында Г.Ахметова балалардың құқықтарын қорғау (Бала құқықтары туралы Конвенция) және ата-ананың міндеттеріне жеке-дара тоқталып, тайға таңба басқандай саралай отырып, Б.Момышұлының «Тәртіпке бағынған ел құл болмайды» деген рухты сөзімен керемет жеткізе білді. Ата-аналарға сұрақ: «Балаларыңыздың құқықтары мен міндеттері туралы ақпаратты қаншалықты білесіздер? атты мәселесімен Ш.Каракулова ата-аналардың сана деңгейі мен білу  деңгейіне шолу жасады. «Құқықтық сауаттылықты отбасында қалыптастыру жолдары» туралы жадынаманы  А.Айтубаева, А.Исабаева, Д.Арзыкулова И.Жайынбаева есімді сынып жетекшілер құрастырып, келген ата-аналарға құқықтық сауаттылықты отбасында қалыптастыру қоғамдағы құқықтық мәдениеттің деңгейін көтеріп, құқық бұзушылықтың алдын алуға ықпал  ететіндігін баяндай отырып, таратты.
Жиналыс соңында психолог С.Рысбаева ата-ананың баланы қолдау қаншалықты маңызды екенін тренинг арқылы ойнатып, пікірлерін талқылау арқылы түсіндіре білді.Сонымен қатар, әртүрлі мәселелермен қорытындылай келе бүгінгі жиналыстың мәресі кері байланысты да алып, керемет көңіл-күймен қош айтысты.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив