08
октябрь
2024
1 ҚЫРКҮЙЕК - БІЛІМ КҮНІ


1 ҚЫРКҮЙЕК - БІЛІМ КҮНІ
1 қыркүйек - Білім күні мерекесіне орай №60 жалпы білім беретін мектебінде 2024 - 2025 оқу жылына арналған «Мектебім - мейірім мекені» атты салтанатты жиыны болып өтті.
Салтанатты жиынды мектеп басшысы Акпанбектов Сералы Есенбекұлы ашып, ұстаздар мен оқушыларға жаңа оқу жылы берекелі, табысты, нәтижелі жыл болып, толағай табыстар мен үлкен жетістіктерге жете берулеріне тілектестігін білдірді.
Салтанатты шарада 1-ші сынып оқушылары өздерінің дайындаған өнерлерін көрсетіп, көтеріңкі көңіл - күй сыйлады.
Білім күні құтты болсын! Шәкірттеріміздің болашақтары жарқын болып, әрдайым жеңіс биігінен көрініп, өсіп - өркендей берсін!