29
май
2025
"МЕКТЕБІМ, САҒАН МЫҢ АЛҒЫС!"



"МЕКТЕБІМ, САҒАН МЫҢ АЛҒЫС!"
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №60 жалпы орта білім беретін мектебінде 2025 жылдың 23 мамыр күні "МЕКТЕБІМ, САҒАН МЫҢ АЛҒЫС!" тақырыбында бітіруші түлектерге арналған мерекелік іс-шара өткізілді.
Салтанатты жиынға Шымкент қаласының білім басқармасының Психологиялық қолдау орталығының әдіскері Ақтоты Оразалиевна, мектебіміздің қамқоршылық кеңесінің төрағасы Ж.Е.Сапарбаев, Әділетті алқа билер төрайымы, қамқоршылық кеңесінің мүшесі О.К.Таджибаева және ата-аналар, ұстаздар қатысты. Мектеп директоры Акпанбетов Сералы Есенбекұлы түлектерді кұттықтап, жылы лебіздерін білдірді.
Мектеп ұстаздары жас түлектерге сәттілік тілеп, үлкен өмірге ақ жол тіледі.
Қымбатты түлектер!
Сіздердің жарқын болашақтарыңыз – біздің ең үлкен үмітіміз!
Ұстаздар аманатына адал болып, ел сенімін ақтайсыздар деп сенеміз!
Ақ жол, жас түлек!