08
август
2024
«МЕКТЕБІМ, САҒАН МЫҢ АЛҒЫС!» соңғы қоңырау іс-шарасы

«МЕКТЕБІМ, САҒАН МЫҢ АЛҒЫС!»
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №60 жалпы орта білім беретін мектебінде соңғы қоңырау іс-шарасы болып өтті. «Мектебім саған мың алғыс» атты тақырыппен ұйымдастырылған іс-шараға қалалық білім басқармасының әдіскері Ұ.С.Мыңжасарқызы, қамқоршылық кеңесінің төрағасы Ж.Е.Сапарбаев, мүшесі О.К.Таджибаева және ардагер ұстаздар мен ата-аналар қатысты.
Мерекелік іс-шараның құрметті қонақтары түлектерді құттықтап, сәтті сапар тіледі.
Іс-шара барысында биылғы оқу жылында спорттық шараларға түрлі байқауларға, қатысқан ұстаздар мен оқушыларға дипломдар мен Алғыс хаттар берілді.
Бітіруші түлектер он бір жыл бойы білім нәрімен сусындатып, тәрбие мен өнерді бойларына қатар сіңірген ұлағатты ұстаздарына арнау мен құттықтау тілектерін айтып, әндер шырқады.
2023-2024 оқу жылындағы мектеп бітіруші
11 сынып оқушыларына алдағы ҰБТ сынағынан сүрінбей өтіп, армандаған жоғары оқу орындарында түссін деп Ақ жол тілейміз!