ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ— БАСТЫ МІНДЕТ » «N60 жалпы орта мектеп» КММ
Шымкент қаласы білім басқармасының
"№60 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7223) 45-51-07
Есепші бөлімі:
+7(7223) 45-51-07
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ— БАСТЫ МІНДЕТ
29
апрель
2025

ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ— БАСТЫ МІНДЕТ

ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ— БАСТЫ МІНДЕТ
   Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты № 60  жалпы орта білім беретін мектебінде 
2025 жылғы 11 сәуір – 06 мамыр аралығында  өтіп жатқан «ЖАСӨСПІРІМ»  іс-шарасы аясында «Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында 6,7,8,9,10,11 сынып оқушыларына  жиналыс өткізілді.
Жиналысқа мектеп әкімшілігі, Шымкент қаласы Абай АПБ ЖПҚБ ЮПТ УПИ инспекторы полиция майоры  А.К.Махсудова, сынып жетекшілер қатысты.
Мақсаты: кәмелетке толмағандардың арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және болдырмау, құқықтық сауаттылықты арттыру, заңсыз іс-әректтер жасаудан қорғау, жас ұрпаққа  заңға бағынушы азамат ретінде құқықтық тәлім –тәрбие беру. 
     Шымкент қаласы Абай АПБ ЖПҚБ ЮПТ УПИ инспекторы полиция майоры  А.К.Махсудова баяндама жасап, Қазақстан Республикасының әр азаматының міндеті - заң талаптарын сақтау, өзге адамдардың құқығын бұзбау, өзіне жүктелген міндеттерін жете біліп орындау болып табылады. Заңды білмеу, оны бұзу - жауапкершіліктен құтқармайтынын айтып,  оқушылардың түнгі мезгілде көшеде әсіресе компьютерлік ойынханаларда жүрмеуі, жол жүру ережелерін сақтау, сабақтан тыс уақытта ата-аналардың балаларға көңіл бөліп қадағалау керектігі туралы түсіндіріп өтті. 
Сонымен бірге мектепішілік ішкі тәртіп ережесінде көрсетілген міндеттер мен талаптарды орындау, сабақтан себепсіз қалмау, мектеп формасын сақтау, оқу құралдарын толық әкелу, өмір  қауіпсіздік ережелерін үнемі сақтауды ескертті.
Жиналыс соңында мектеп психологтары жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында оқушылардан ананимді сауалнама алынды.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив