12
декабрь
2024
«Зорлық –зомбылықсыз 16 күн» іс-шарасы

2024 жылдың 11 желтоқсан күні Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №60 жалпы орта білім беретін мектебінде «Зорлық –зомбылықсыз 16 күн» іс-шарасы аясында Шымкент қаласы Абай ауданы прокуратурасының бөлім прокуроры Асем Умарбекқызы және Абай аудандық полиция басқармасы ЖПҚБ ЮПБ УПИ полиция аға лейтенанты Бағдат Турдалы Қалдыбекұлының қатысуымен
8-11 сынып оқушыларына прокурор сағаты өтілді. Кездесу барысында кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер арасындағы қылмыстың, құқықбұзушылықтың, буллинг, кибербуллингтің , зорлық-зомбылықтың алдын алу , құқықтық мәдениетті қалыптастыру, балалардың құқықтарын қорғау және олардың қауіпсіздігі жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар прокурор Асем Умарбекқызы түнгі уақытта кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдерге ата-анасыз көшеде жүруге тыйым салынатындығын, есірткі заттарының заңсыз айналымы және олардың адам өміріне тигізер зияны туралы маңызды ақпараттармен бөлісті. Сондай-ақ оқушыларға құқықтық сауаттылықты арттыру және заң талаптарын сақтау маңыздылығы туралы кеңестер беріп, жадынама таратты. Таратпа материалдарда (жадынамада) механикалық көлік құралы меншік иесінің және жүргізушінің құқықтары мен міндеттері, жолаушының құқытары мен міндеттері, мопед, электр самокат, велосипед, шағын электр көлігі құралын жүргізушілердің, жол бойымен малды, табынды , жүк артылған , жегілген малды немесе мініс малын айдаушылардың құқықтары мен міндеттері туралы заң талаптары сауаттылықты арттыру бойынша ақпараттар қамтылған.