09
сентябрь
2022
"Қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу" кездесу
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №60 жалпы орта білім беретін мектебінде 1-қыркүйек Білім күніне орай "Қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу" мақсатында 8-11 сынып оқушылары арасында кездесу өткізілді.
Кездесуге Шымкент ВПД Абай АПБ ЖПҚБ УПИ полиция капитаны Укимбаев Абдімәлік, ВПД ЖПҚБ ППП Штаб инспекторы полиция аға лейтенанты Абдималиков Мұқағали қатысты. Кездесу барысында құқықбұзушылықтың алдын алу тақырыбында оқушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Оқушыларды жаман әдеттен аулақ болып, жақсы оқып жан-жақты білім алып салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.