19
март
2024
"Экстремизм мен терроризмді насихаттайтын интернет ресурстарының қауіптілігі" тақырыбында кездесу


Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №60 жалпы орта білім беретін мектебінің 9-11 сынып оқушыларына Шымкент қаласы Дін істері басқармасы "Дін мәселелерін зерттеу орталығы" КММ теолог маманы Жұмаділлә Бексұлтан Жұмаханұлы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. "Экстремизм мен терроризмді насихаттайтын интернет ресурстарының қауіптілігі" тақырыбында өткен кездесудегі мақсат - жастарды жалған діни ағымдардың арбауынан сақтандыру және теріс ағымның жетегінде кетпес үшін, кез-келген ақпаратты алу үшін тек ресми сайттарды пайдалануға шақырды.
Дінтанушы-теолог маманның ішкі тұрақтылық пен дәстүрлі рухани құндылықтарға баса назар аудару керектігіне тоқталып өтті.
Іс-шараның соңында оқушылар аталған тақырып бойынша өздерін қызықтырып жүрген сұрақтар қойып, қойған сауалдарына толыққанды жауап алды.