17
январь
2023
Оқушыларымыз биік белестерді бағындыра берсін!!!

Менталды арифметика бағдарламасы бойынша Шымкент қаласында өткен ІІІ Республикалық олимпиадада B Kids сайысында өзінің дарындылығымен жоғары көрсеткіш көрсеткен №60 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылары ағайынды 5"Ә" сынып оқушысы Абдан Исхақ ІІІ орын, 7"Ә" сынып оқушысы Абдан Ибрахим жүлделі ІІ орынды иеленіп марапатталды.
Ағайынды оқушылардың келесі жетістіктері Дубай қаласында жалғасып, төрт мемлекет арасында ( Қазақстан, Ресей, Словян, БАӘ) өткен халықаралық менталды арифметика сайысында Абдан Исхақ ІІ орынды, Абдан Ибрахим І орынды иеленді. ЖАРАЙСЫҢДАР!!! Оқушыларымыздың жетістіктерінің кеңейіп, басқа білім алушыларға да көңіл-күй, жігер, өзіне деген сенім ұялатуға ортақпыз. ХХІ ғасыр-білім кеңістігіндегі бәсеке ғасыры, "Білімдінің күні жарық, білімсіздің күні қаріп" екенін мойындап, өркениетке, ғылымға бет бұрған кезең....
Оқушыларымыз биік белестерді бағындыра берсін!!!