31
октябрь
2023
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ


Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты N60 жалпы орта білім беретін мектебінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында педагог қызметкерлердің қатысуымен жиналыс өткізілді. Мектеп ұжымы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ Заңын орындау мақсатында және Қазақстан Респбуликасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы №802 Жарлығымен бекітілген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 1-тармағына сәйкес және Шымкент қалалық білім басқармасының 25.08.2023 жылғы №356 бұйрығымен таныстырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.