07
август
2024
Марапат құтты болсын!!!


Білім өркениеті Ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың “Тәуелсіздік бәрінен қымбат” атты бағдарламалық мақаласын білім алушылар арасында кеңінен насихаттау мақсатында дарынды балалар арасында өткізген республикалық эссе жазу байқауына №60 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Алтынбекова Рабиға Бекмурзақызы
“Қазақстан Дарыны” номинациясы бойынша І дәрежелі дипломмен марапатталса, ал шәкірті Бауыржанқызы Аделя І дәрежелі дипломды қанжығасына байлады. Марапаттау рәсімі Астана қаласында өтті.
Әріптесіміз бен оқушымызды жеңістерімен құттықтай отырып, шығармашылық табыстар тілейміз.