25
сентябрь
2023
ҚР президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының жолдау тікелей эфир арқылы тыңдау және талдау ұйымдастырылды.
ҚР президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының жолдау тікелей эфир арқылы тыңдау және талдау ұйымдастырылды. Жолдау жиынына Мәжіліс және Сенат депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық құрылтай, Адам құқықтары жөніндегі комиссия, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, қоғам мен еңбек ұжымдарының өкілдері қатысты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы ағымдағы Жолдауында халқымыздың саяси, әлеуметтік-экономикалық және басқа да түрлі маңызды салаларды қамтитын реформаның негізгі 5 бағдарына тоқталды:
✓БІРІНШІ БАҒДАР. ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТ.
✓ЕКІНШІ БАҒДАР. НАҚТЫ СЕКТОРДЫ ДАМЫТУ.
✓ҮШІНШІ БАҒДАР. ЕЛ БОЛАШАҒЫНА АРНАЛҒАН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯ.
✓ ТӨРТІНШІ БАҒДАР. МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ІСІН ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУ.
✓БЕСІНШІ БАҒДАР. ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП.
Мемлекет басшысы әр бағдарға жеке-жеке тоқталып, тереңірек талдап өтті. Үшінші бағдарында білім мен денсаулық саласына баса назар аударды: “Келесі маңызды мәселе – білім беру жүйесі туралы. Бұл сала ұлт сапасын жақсарту ісінде аса маңызды рөл атқарады… Қазақта «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген сөз бар. Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс… Әділетті Қазақстанды құру ісінде мұғалімдердің рөлі айрықша екені сөзсіз. Мемлекетімізде соңғы жылдары ұстаз мамандығының абырой-беделін арттыру үшін көп жұмыс жасалды. Дегенмен, бұл бағытта әлі де біршама өзгерістер жасау қажет…”-деп, білім саласында атқарылған жұмыстар мен алдағы уақытта атқарылуы тиіс өзекті мәселелерді атап берді. Жолдауда айтылған реформалардың маңыздылығын түсініп, Президент Қ.К.Тоқаевтың халыққа Жолдауын қолдай отырып, жүзеге асыру жолында ұстаздар қауымы еселі еңбек етуге дайын екенін айтқымыз келеді.

