15
октябрь
2024
АТА-АНАЛАРҒА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ

АТА-АНАЛАРҒА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ
“Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы” жоспары аясында №60 жалпы орта білім беретін мектебінің 5-6 сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен "Сапалы ұйқы: балалардың дамуы мен денсаулығының іргетасы" тақырыбында ата-аналарының жиналысы өткізілді.
Ата-аналармен төмендегідей тақырыпшаларда тапсырмалар беріліп, ұтымды жауаптар алынды.
1.Баланың тұлғасын дамыту үшін ұйқының маңызы.
2.Баланың танымдық және эмоциялық дағдыларын дамыту үшін негіз ретінде ұйықтау.
3.Әдет-ғұрыпты қалыптастыру.
4.Дұрыс ұйықтау үшін қажетті жағдайлар.
Ата-аналар белсенді қатысып, жылы лебіздерін білдірді.