28
декабрь
2023
«АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ»



«АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ»
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №60 жалпы орта білім беретін мектебінде 2023 жылғы қаңтардың 25 күні 1-4 сынып оқушылары ата-аналарына жиналыс өтті.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1. ІІ тоқсан қорытындысы.
2. Жаңа жыл мерекесін өткізу.
3. Қысқы каникул кезіндегі оқушылардың қауіпсіздігі туралы нұсқаулықпен таныстыру
4. Әр түрлі мәселелер.
Ата-аналар жиналысының көздеген басты мақсаты - бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру, әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру, баланың жақсы әдеттерді бойына сіңіріп өсу жолдарын ата-аналар мен бірлесе қарастыру болды.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер толығымен қарастырылды.
Ата-аналар мектепке қатысты сұрақтарын қойып, көңілдеріне қонымды жауаптарын алып, ұжымға толағай табыстар тіледі.