25
ноябрь
2024
«Таза Қазақстан» республикалық акциясы


«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында №60 жалпы орта білім беретін мектебінде өткен сенбілік жұмыстары қоғамға тазалық пен экологиялық мәдениетті насихаттау бағытындағы маңызды қадам болды. Іс-шара барысында мектептің мұғалімдері мен қызметкерлері мектеп аумағын тазалап, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға өз үлестерін қосты.
Мұндай бастамалар тек тазалықты сақтау үшін ғана емес, сонымен қатар жастар мен қоғам арасында экологиялық жауапкершілікті арттыруға ықпал етеді. «Тазалық – Біз бен Сізден басталады!» ұраны арқылы сенбілікке қатысушылар тазалық мәдениетінің әрбір адамнан басталатынын еске салды.