30
октябрь
2024
МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІ ПРЕЗИДЕНТІН ҰЛЫҚТАУ

МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІ ПРЕЗИДЕНТІН ҰЛЫҚТАУ

Шымкент қаласы Білім Басқармасына қарасты №60 жалпы орта білім беретін мектебінде 2024 жылдың 24 қазан күні сайлау қорытындысы бойынша Мектеп Парламенті президентін мектепішілік ұлықтау рәсімі өтті.
Салтанатты жиынды мектеп директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Е.Рысбаев, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары М.Досымбетова құттықтау сөзімен ашып, жас көшбасшыларға сәттілік тілеп, куәлік берілді.
Мектеп парламентінің мақсаты: білім алушылардың бойында азаматтық белсенділік, әлеуметтік құзыреттілік, азаматтық жауапкершілік дағдыларын дамыту. "Өзін-өзі басқару ұйымының" жетекшісі М.Аманжолов сайлау нәжижесін қорытындылады. Комиссия мүшелерінің бірыңғай шешіміне сәйкес 10"А"сынып оқушысы Өмірзах Нұрай барлық кандидаттар арасында ең жоғары дауыс жинап, мектептің жаңа "Мектеп Парламенті Президенті" лауазымына тағайындалды.
«Мектеп Парламенті» Президентінің орынбасары: 10 «Ә» сынып оқушысы Көлбай Бекайым 9«А» сынып оқушысы Шіменәлі Мәди сайланды.
ФРАКЦИЯ ЖЕТЕКШІЛЕРІ:
1. «Құқық және тәртіп» фракциясы: 10 «А» сынып оқушысы Батырұлы Бибарыс;
2. «Ақпарат» фракциясы: 9 «Б» сынып оқушысы Абдужалил Шыңғыс
3. «Спорт және салауатты өмір салты» фракциясы: 10 «Ә» сынып оқушысы Мырзахмет Рамазан;
4. «Қамқорлық (еріктілік)» фракциясы: 9 «Ә» сынып оқушысы Ахмедбек Әмина
5. «Мәдениет және өнер» фракциясы: 9 «Б» сынып оқушылары Шакрат Айзере
6. «Дебат қозғалысының» фракциясы: 9«Б» сынып оқушысы Шарахмет Жансая
7. «Экология және еңбек» фракциясы: 10 «Ә» сынып оқушысы Ақтай Жансая
8. «Өзін өзі тану және бақыт» фракциясы: 10 «Ә» сынып оқушысы Бахтияр Аяулым;
«Төтенше жағдайлар министрі: 10 «Ә» сынып оқушысы Махсут Ахмет;
«Ішкі істер министрі: 9 «А» сынып оқушысы Мусратулла Нұрқасиет;
Еліміздің болашағын ойлайтын білім мен өнерге құштар, елінің тарихын құрметтейтін, қайсар тұлғалардың қадамы құтты болсын!
Өздеріне жүктелген міндеттерді мектеп көшбасшылары абыроймен атқарады деген сенім білдіреміз!!!