31
октябрь
2023
«МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІ» КӨШБАСШЫЛАРЫН ҰЛЫҚТАУ РӘСІМІ


«МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІ» КӨШБАСШЫЛАРЫН ҰЛЫҚТАУ РӘСІМІ
Бүгін, мектебімізде 2023-2024 оқу жылына сайланған, «Мектеп Парламенті» оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының Президенті, "Жас Ұлан"бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының ұланбасын, «Адал ұрпақ» ерікті мектеп оқушылар клубы мен «Бала өкілдері» ұлықтау рәсімі өтті.
Мектеп парламентінің мақсаты: білім алушылардың бойында азаматтық белсенділік, әлеуметтік құзыреттілік, азаматтық жауапкершілік дағдыларын дамыту.
Мектеп президенті сайлауының комиссия төрайымы директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Сариева Мадина Сатанқызы сайлау нәжижесін қорытындылады. Комиссия мүшелерінің бірыңғай шешіміне сәйкес, «Мектеп Парламентінің» Президенті: 10 «А» сынып оқушысы Тұрсынбек Нұрина, "Жас ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымының ұланбасы 9"А"сынып оқушысы Өмірзақ Нұрай, сонымен қатар, «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының президенті 8«А» сынып оқушысы Шименәлі Мади.
«Бала өкілдері»: 9«Ә» сынып оқушысы Махсұт Ахмет.
«Төтенше жағдайлар министрі: 10 «А» сынып оқушысы Құсайын Нұрмаханбет
«Ішкі істер министрі: 10 «Ә» сынып оқушысы Жаппархан Нұрымжан
Мектебіміздің кішкентай бір бөлшегі – мектеп деген кіші мемлекетіміздің көшбасшыларына сәттілік тілейміз.
Еліміздің болашағын ойлайтын білім мен өнерге құштар, елінің тарихын құрметтейтін, қайсар тұлғалардың қадамы құтты болсын!
Өздеріне жүктелген міндеттерді мектеп көшбасшылары абыроймен атқарады деген сенім