15
октябрь
2024
ҰЛДАР ЖИНАЛЫСЫ

ҰЛДАР ЖИНАЛЫСЫ
Бүгін мектебіміздің 8-11 сынып оқушыларына ұлдар жиналысы өтілді. Жиналысқа ұлдар ұйымының жетекшісі Байбосын Мақсат Нышанәліұлы және өзін-өзі басқару ұйымының жетекшісі Аманжолов Мақсат Махсудұлы қатысып, оқушыларға мектеп ішінде және де мектептен тыс жерлерде әлімжеттікке жол бермеу және оның алдын алу шаралары туралы сөз етті. Сондай-ақ білім алушыларға мектеп формасын, жол ережесін сақтау, зиянды заттардан аулақ болу, бөтеннің мүлкіне қол сұқпау, зорлық-зомбылық, лудомания, қылмыс пен құқық бұзушылық фактілерінің түбі, заң аясында жауапкершілікке тартылатындығы туралы мәліметтер кеңірек айтылды.