
Шымкент қаласы Білім Басқармасына қарасты №60 жалпы орта білім беретін мектебінде 2024 жылдың 5 қыркүйек күні сағат 11.00-де Білім Басқармасының Әдістемелік Орталығы Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігінің 04.09.2024 жылғы N04-27/4281 хаты негізінде "Мың бала" мәдени-ағартушылық жобасы аясында қазақтың біртуар азаматы Т.Рысқұловтың 130 жылдық мерейтойына арналған жалпықазақстандық ашық диктант жазылды.