"ОТБАСЫ КҮНІ" «Абай әлемі – отбасы құндылығының темірқазығы» » «N60 жалпы орта мектеп» КММ
Шымкент қаласы білім басқармасының
"№60 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7223) 45-51-07
Есепші бөлімі:
+7(7223) 45-51-07
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "ОТБАСЫ КҮНІ" «Абай әлемі – отбасы құндылығының темірқазығы»
29
май
2025

"ОТБАСЫ КҮНІ" «Абай әлемі – отбасы құндылығының темірқазығы»

"ОТБАСЫ КҮНІ"
«Абай әлемі – отбасы құндылығының темірқазығы» 
2025 жылғы 15 мамыр күні Шымкент әуежайының халықаралық жолаушылар терминалында  «Абай әлемі – отбасы құндылығының темірқазығы» атты қалалық іс-шара өтті. Аталған іс-шара сағат 10:00-де басталды     № 54,55,60,133 жалпы орта білім беретін мектептерінің катысушылары  және өнерпаздары Абай Құнанбайұлының шығармаларын поэтикалық-музыкалық композициялар мен театрландырылған қойылымдар арқылы сахналап, Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін жатқа айтып, өз өнерлерін паш етті.Сонымен қатар «Абай әлемі – отбасы құндылығының темірқазығы»  тақырыбында көлөнер және сурет көрмесі орнатылды. Оқушылар тарапынан әндер, би және күйлер орындалды. Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты № 54, 55,60,133 жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары  іс-шара барысында отбасы құндылықтары мен ұлттық рухты ұлықтау жолында белсенділік танытты. Мұндай тағылымды шаралар алдағы уақытта  қоғамның рухани дамуына оң әсерін тигізетініне сенімдіміз. "15 мамыр-Отбасы күні"мерекесіне орай Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы қарсаңында отбасы құндылықтары мен ұлттық рухты ұлықтау жолында  маңызды іс-шара өткізуге қолдау көрсеткені үшін Шымкент  әуежайының халықаралық жолаушылар терминалының басшылығына алғысымызды білдіреміз.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив