20
февраль
2025
”Ауғанның отты жалыны" әскери патриоттық сайыс

"Заң және тәртіп" айлығы аясында Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 36 жыл толуына орай АӘжәнеТД пәнінің оқытушысы М.Байбосын және өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен ”Ауғанның отты жалыны" атты мектепішілік әскери патриоттық сайыс өтті. Арнайы қонақ ретінде шақырылған ауған соғысының ардагері Мырзахметов Жомарт Тұрсынбекұлы әділ-қазы ретінде жеңімпаз командаларды анықтап марапаттады.
Сайыс нәтижесінде: 11"А" сыныбынан құралған "БАРЫС" командасы жеңіске жетті.