21
февраль
2024
"ЕРЛІК ҰРПАҚҚА-МҰРА" атты әскери-спорттық сайыс



№60 жалпы білім беретін мектебінде 13 ақпан күні Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай, АӘжДТ оқытушы-ұйымдастырушысы М.Н.Байбосын 10-11 сынып оқушыларынан құралған 4 командадан "ЕРЛІК ҰРПАҚҚА-МҰРА" атты әскери-спорттық сайыс өткізді.
Сайысқа Ауған соғысы ардагерлері Мырзахметов Жомарт Тұрсынбекұлы, Жетпісбаев Мақсат Орынбасарұлы әділ-қазылар ретінде жеңімпаз командаларды анықтап марапаттады.
Мақсаты: Егеменді еліміздің болашағы жастардың туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілігі, бабалар салған сара жолын жалғастыру, өз ұлтына деген сүйіспеншілікті арттыру.