21
февраль
2024
(ЭВАКУАЦИЯЛЫҚ ЖИНАҚТАУ ПУНКТІ) ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ІС-ШАРАСЫ


(ЭВАКУАЦИЯЛЫҚ ЖИНАҚТАУ ПУНКТІ) ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ
Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің 07.02.2024 жылдың №10-09--08/695 хатына сәйкес 9 ақпан күні №60 жалпы орта білім беретін мектебінде "КӨКТЕМ —2024" Республикалық командалық штабтық оқу-жаттығу аясында Жиделі мөлтек ауданы тұрғындарын №37 "Эвакуациялау жиналу пунктіне" орналастыру бойынша оқу-жаттығу өткізілді. Жеке құрамы 33 адамнан тұратын құрама эвакуациялау пунктінде іс-жүзінде жайып көрсету жаттығу ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға Абай ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының офицері аға лейтенант Құлдыбек Тұралы Түгелбайұлы,
Абай ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының инженері азаматтық қорғау лейтенанты Әшім Нұрсұлтан Сәбитханұлы,
Абай ауданы әкімдігі аппаратының бас маманы Исахан Дастан Сабитұлы, әділ билер алқасының Жиделі ауылдық төрайымы Таджибаева Орынша Кенжебеккызы, әділ билер алқасының көмекшісі Пернебай Нұрсұлтан Құдайбергенұлы және ауыл тұрғындары қатысты.
ЭЖП жоспарға сәйкес құжаттары толтырылып, төтенше жағдайларға дайын болу мақсатында жаттығу өз деңгейінде өткізілді. Іс-шараға Шымкент төтенше жағдай департаментінің Азаматтық қорғаныс басқармасының мамандары қатысып, оң бағасын берді.