16
январь
2025
ҚЫЗДАР ЖИНАЛЫСЫ


ҚЫЗДАР ЖИНАЛЫСЫ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты N60 жалпы орта білім беретін мектебінде Шымкент қаласы білім басқармасының «Психологиялық қолдау орталығының» жылдық жоспарына сәйкес балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттығы жөнінде 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын жүзеге асыру мақсатында 2025 жылдың қаңтар айының 14 күні буллингтің алдын алу бойынша қыздар жиналысы ұйымдастырылып, жоспарға сәйкес профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жиналысқа мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілер, мектеп медбикесі Ж.Махан және 8-11 сыныптың қыздары қатысты.
Жиналыс барысында :
1. Буллинг және кибербуллингтің алдын алу;
2. Ерте жүктіліктің алдын алу;
3. Аутодиструктивті мінез-құлықтың алдын алу;
4. Жеке бас гигиенасы, әдеп нормалары, мектеп формасы, сабақтан себепсіз қалмау, достары мен құрбылары арасындағы қарым –қатынаста жаман әдеттерден аулақ болу .