19
март
2024
«Көрісу күні - Амал мерекесі» күні

№60 жалпы орта білім беретін мектебінде «Көрісу күні - Амал мерекесі» аталып өтті. Мақсаты:
Адамзат баласының бірін-бірі жылы жүзбен қабылдауы, бұрынғы өкпе-реніштерді кешіруі және мерекенің аталып өту ауқымын кеңейту болып табылады. Айтулы мерекеде ұстаздар, білім алушылар және ата-аналар бір-біріне амандық-саулық тілесті. Жасы кіші білім алушыларымыз ардагер ұстаз, еңбек ардагері Батырбекова Гулжаһан Дәрібайқызының және зейнеткер Несібелі Боранқызының үйіне барып құшақтарын кеңге жайып құрметін көрсетті. Әсіресе, білім алушылар Наурыз мерекесінің бүгіннен басталғанына қатты қуанып, өзара жақсы амалдарын жасаудан жалығар емес.