28
декабрь
2023
«Оқушы білімін бақылау мен тексеру үшін электронды платформалар қосымшаларын қолдану жолдары" қалалық семинар


Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №60 жалпы орта білім беретін мектебінде 22 желтоқсан күні "Сапалы білім" жобасы аясында «Оқушы білімін бақылау мен тексеру үшін электронды платформалар қосымшаларын қолдану жолдары" тақырыбында қалалық семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты: Цифрлық технологияларды қолдану арқылы оқушыларға қолайлы оқу қарқынын беру, жаңа мазмұнды сабақтар арқылы оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие берудің тиімді жолдарын арттыру және мұғалімдердің тәжірибе алмасуын дамыту. Семинар барысында мектеп директоры Акпанбетов Сералы Есенбекұлы келуші қонақтарды бүгінгі іс-шараның басты мақсатымен таныстырып өтті. Пән мұғалімдері мақсатқа сай түрлі цифрлық технологияларды, жаңаша платформаларды тиімді қолдана білді. Семинарға келуші қонақтар семинардан алған әсерлерімен бөлісіп, ашық сабақтардың өз дәрежесінде өтіп, өздеріне аларлары мол болғанын айтып, әріптестеріне алғыстарын айтты.