26
сентябрь
2023
Қыздар жиналысы
11.09.2023ж күні 2023- 2024 оқу жылындағы тәрбие бағыты бойынша қыздар жиналысы болып өтті. Жиналыста қыздар ұйымының жетекшісі болып 10"Ә" сынып оқушысы Көлбай Айнәзік және оның көмекшілері болып 9"А" сынып оқушылары Көлбай Бегайым, Өмірзах Нұрай, 10 "Ә" сынып оқушысы Тұрғанәлі Ақерке сайланды.
Мектеп мейірбикесі Ж.Махан қыздардың жеке бас гигиенасы, тазалығы жайлы дәріс оқыса, мектеп психологы Э.Мыңбатырова мектеп жасындағы қыздардың қылығы, мінезі жөнінде тағылымды ақпарат беріп, қазақтың инабатты қыздары болуға шақырды.


